Ә.Жақсыбеков «Алау» мұз сарайының ұжымына жаңа директорды таныстырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астананың спорттық және мәдени инфрақұрылым нысандары - «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этномемориалды кешенін аралады.
None
None

Инфрақұрылым сапасының рейтингісінде бірінші және жылдамдық рейтингісі бойынша әлем мұз айдандары ішінде жетінші орын алатын «Алау» мұз сарайы бүгінгі таңда Қазақстандағы келушілер саны ең көп бірден-бір спорттық нысан болып табылады. Ағымдағы жылы жұмыс күндері де қолжетімді болған бұқаралық сырғанаулар жобасы, жаз маусымында үстел теннисіне арналған алаң, хоккей корты, фитнес орталығы, ойын спорты түрлеріне және хореографияға арналған жаттығу залдары, жағажай волейболы мен шағын футболға арналған даладағы алаңдар, сонымен қатар, техниканың соңғы талаптарына сай жасалған тир - тек кәсіби спортшылар үшін ғана емес, спортсүйер қауым үшін де сарай есігін айқара ашуға мүмкіндік береді.

«Сарай бос тұрмауы керек, оның барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет. Ол кәсіби спортшылар үшін де, барлық тұрғындар үшін де қолжетімді болуы керек», - деген елорда әкімі, ҚР Президентінің спорттық нысандарды халық үшін қолжетімді ету бойынша тапсырмасын орындау басты мақсат екендігін атап өтті. Ә.Жақсыбеков оқпен ату, коньки тебу және шорт-трек бойынша қала құрамаларының жаттығуларын бақылап, сондай-ақ коньки спорты бойынша ұлттық құрама үздіктері Денис Кузин және Екатерина Айдовамен, Қазақстанның бас бапкері Владимир Саютинмен мұздың жағдайы туралы пікірлесті. Бас бапкердің сөзінше, «Алау» мұз айдыны сарайында «ертең-ақ Олимпиада өткізуге болады». Мұз айдынын аралау кезінде елорда басшысы «Алау» мұз сарайының ұжымына жаңа директор Сауырбай Есжановты таныстырды. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этномемориалды кешенінде 2015 жылғы маусым аяқталды, дегенмен, кешенге келушілер санын ұлғайтуға бағытталған келесі жылға құрған үлкен жоспарлары бар. Саябақ аумағында ыңғайлы орналастырылған нысан жақын арада, әсіресе, ЭКСПО-2017 қарсаңында елорданың туристік орталығына айналуы қажет.

Соңғы жаңалықтар