Ә.Жақсыбеков Алматы колледжінде гранатаның жарылуы оқиғасына байланысты мектептерде тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық кеңесте қаладағы қылмыстық ахуалға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ә.Жақсыбеков Алматы колледжінде гранатаның жарылуы оқиғасына байланысты мектептерде тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

- Назарларыңызды Алматы қаласында болған (гранатаның жарылуы - ҚазАқпарат) үлкен алаңдаушылық тудыратын жайтқа аудармақпын, - деді ол.

Осыған байланысты шаһар басшысы құқық қорғау органдарын тарта отырып, оқушыларды психологиялық тексеру, мектептерде және басқа да білім беру мекемелерінде тексеру мен алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, 17 қараша күні Алматыдағы сән және дизайн колледжінде әскери дайындық сабағында граната жарылып, 12 адам жапа шекті, бір қыз көз жұмды.