Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық футбол тарихында алғаш рет "Астана" ФК Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнайды. Бүгін таңертең футболшылар елордаға оралды. Орталық алаңда футболшыларды ұлықтау салтанатына астаналықтар мен жанкүйерлер жиналды.
None
None

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков футболшыларды жеңістерімен құттықтады. - Сіздер лайықты ойын үлгісін көрсеттіңіздер. Кеше түнде барлық елорда тұрғындары сіздерді қолдау үшін алаңға жиналды. Сіздер - Астананың ғана емес, күллі Қазақстанның мақтанышысыздар! Мемлекет басшысы отандық футболдың дамуына көп көңіл бөледі. Президенттің қолдауы арқасында ел футболшылары осындай жеңістерімен бізді қуантуда, - деді қала басшысы. Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубы АПОЭЛ клубына қарсы Никосияда өткен қарымта матчта тең ойнады. Қорытынды есеп 1:1, алайда екі матч қорытындысы бойынша «Астана» командасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. 3000-нан астам футбол жанкүйерлері түнде «Қазмедиа орталығы» алдында жиналып, үлкен экрандардан аталмыш ойынды тамашалады. Бүгін кешке Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өткізіледі. Соның нәтижесінде отандық команданың келесі қарсыластары анықталады. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 21:45 өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар