Ә.Жақсыбеков Астанадағы қоғамдық көлік қызметін бір ай ішінде жөнге келтіруді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков өткізген кезекті аппараттық жиынның күн тәртібінде қалалық инфрақұрылым мәселелері, соның ішінде қоғамдық көліктер мен басқа да салалардың жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қала басшысы тұрғындардан «Виртуалды қабылдау бөлмесі» мен «Халықтық бақылау» айдарларына келіп түсетін шағымдарға тоқталды. Қоғамдық көлік жұмысындағы түйткілді мәселелер әлі де өзекті. Астаналықтар лас автобустарға, аялдамаларға тоқтамай, жүргіншілерді бағдаршам маңына немесе жолдың ортасында тастап кететін, қозғалыс кезінде жарыс ұйымдастыратын жүргізушілерге наразы.

- Мен қоғамдық көлік жұмысын жөнге келтіруді бірнеше рет тапсырғанмын. Басым бағыттарды белгіледік, жаңа автобустар алдық, жүргізушілер мен кондукторларды оқып-үйрететін курстар жүргізіліп жатыр. Тиісті нәтиже көретін уақыт келген секілді. Алайда тұрғындардың шағымдарына сүйенсек, жағдай түбегейлі өзгермеген, - деді қала әкімі. Елорда басшысы бір айда қоғамдық көлік қызметін жөнге келтіруді тапсырды. Тағы бір өзекті мәселе - кейбір саябақтар мен скверлердің, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жоласты өткелдерінің жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы. Мысалы, Қабанбай батыр даңғылы арқылы өтетін «Рамстор» сауда үйінің маңындағы жоласты өткелі қала тұрғындары мен мүгедектер үшін қауіпті, деп санайды Ә.Жақсыбеков. Елорда басшысы барлық жерасты өткелдерін тексеріп, ретке келтіруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар