12:20, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Ә.Жақсыбеков Футбол федерациясы басшысы қызметінен кететіндігін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Футбол федерациясының президенті қызметінен кетеді. Бұл туралы ол бүгін елордада өткен брифингте мәлім етті.
Айта кетерлігі, бұған кейін Sports.kz сайты бұл қызметке Ерлан Қожағапановтың келетіндігін жария еткен болатын.
Бүгінде Астана қаласының әкімі қызметін атқаратын Әділбек Жақсыбеков бұл федерацияны 2007 жылдан бері басқарып келген еді.