Ә. Жақсыбеков: Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары мерзімінде орындалуы тиіс

Қала басшысы мемлекеттік органдардың басшыларынан тапсырмаларды орындау бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының барлық тармақтарын қатаң орындауды талап етті.
Отырыс барысында қаралған мәселелердің бірі қала бойынша игерілмеген жер учаскелеріне қатысты болды. Әкімнің айтуынша, әрбір игерілмеген жер учаскесі бойынша талдау жүргізіліп, тиісті жауап беру шаралары қабылдануы керек. Қала басшысы орынбасарлары С. Хорошун мен А. Лукинге осындай учаскелерді өз бақылауына алуды тапсырды.
Сонымен қатар, отырыс барысында елордада рұқсат етілмеген жарнамаларды орналастыру мәселелері қаралды. Ә. Жақсыбеков бұл мәселені өткен жылы да бірнеше рет көтеріп, сыртқы жарнаманың жүйесіздігі мен ретсіздігіне назар аударған болатын. Бұл қаланың сәулеттік келбетін бұзып, «Тілдер туралы» заңды бұзуға әкеледі. Осыған байланысты сәулет, тілдерді дамыту басқармалары, аудандық әкімдіктер және жергілікті полиция қызметі қаланың сырт келбеті елорданың мәртебесіне сәйкес болуы үшін бірлескен жұмыстар жүргізуге тиіс.