Ә.Жақсыбеков пен А.Винокуров «Астана-дуатлон 2015» жарысына қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына орай алғаш рет «Астана-дуатон 2015» жарысы өтті.
None
None

Жарысқа шамамен 300 адам қатысып, олардың қатарына елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қосылды. Спортшылар 15 шақырымдық ара қашықтықты велосипедпен өтіп, одан кейін 5 шақырымға жүгірді. Әрбір қатысушының уақыттары тіркеу барысында арнайы берілген жеке сиптің көмегімен есептелінді.

Сонымен жарыстың бас жүлдесі қос сайыстың нәтижесінде 40 минут 10 секундты көрсеткен 1996 жылы дүниеге келген Юрий Щербининге бұйырды. Оған фитнес клубқа 1 жыл тегін баруға абонемент пен велосипед сыйға тартылды.

«Мұның барлығы да ең алдымен сіздердің денсаулықтарыңыз үшін жасалуда. Спортымызды дамыту мақсатында біздің мемлекетіміз жүзеге асырып жатқан шаралар мен Президентіміз атқарып жатқан істері бүгінде өз жемісін беруде. Астана спорттың, салауатты өмір салтының үлгісіне айналып отыр. Астана велокомандасы мен оның менеджері Александр Винокуров өздерінің жетістіктерімен Қазақстанның және елорданың атын әлемге танытуда», - деді Ә.Жақсыбеков.

Соңғы жаңалықтар