Ә. Жақсыбеков: Ұстаз - кез келген адам үшін қастерлі тұлға

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз - кез келген адам үшін қастерлі тұлға. Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, дүниетанымы мен көңіл көкжиегін кеңейтеді. Жақсылық жасауға үндеп, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойға сіңіреді. Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп жырлағандай, ең әуелі шәкіртіне тәлім мен тәрбие беріп, білім мен ғылымға баулыған ұстаздың қадірі қашан да биік. Мемлекетіміздің келешегі ұстаздар баулыған жастардың қолында. Сондықтан абыройлы мамандық иелерінің жұмысы жемісті, келешегіміз кемел болсын деп тілек білдіремін.

Дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз берекелі болсын!» - деп жазылған құттықау мәтінінде.

Соңғы жаңалықтар