Ә. Жақсыбековті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ә.Р.Жақсыбековті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ә. Жақсыбековті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты

«Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын», - деп жазылған Жарлықта.