А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернаттың 50 жылдығына арналған кеш өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына биыл 50 жыл толып отыр.
None
None

Аталмыш мектеп 1964 жылы қазақ өнерінің қайраткері, Қазақстанның Халық артисі, академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды жинап, мемлекеттік тілде кәсіби музыкалық білім беру мақсатында ашылған болатын. Ол дарынды музыканттарды тәрбиелеп, тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің музыка өнерінің дамуына өз үлесін қосып келе жатыр.

Өнер ордасының жарты ғасырлық мерейтойы қарсаңында - 23-сәуірде мектеп-интернаттың үлкен залында бүгінде елімізбен қатар, бірқатар шет мемлекеттерге танымал «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліндегі мектеп түлектерінің жеке орындауларында шығармашылық кеш өтеді, деп хабарлайды qazaq-alemi.kz.

Соңғы жаңалықтар