А. Жұмағалиев бастаған ақпараттық-насихат топ БҚО-ға келді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бастаған ақпараттық-насихат тобы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді,

А. Жұмағалиев бастаған ақпараттық-насихат топ БҚО-ға келді

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Іс сапардың мақсаты - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру.

Жұмыс сапары барысында министр Асқар Жұмағалиев «Қазақтелеком»АҚ-ның қызметкерлерімен және Қазақстандық инновациялық-телекоммуникациялар жүйесі университетінің студенттерімен кездесті.

Студенттермен кездесу барысында Асқар Жұмағалиев: « Жолдауда Мемлекет басшысы жастар мәселесіне көп көңіл бөлді. Өйткені, еліміздің болашағы сіздердің қолыңызда»,-деп айтып өтті.

Министр білім беру мәселесіне баса назар аударып, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына қойған тұрғын үй мәселесін шешу мен жұмыс орындарын көбейту секілді тапсырмалары туралы баяндады. Сонымен қатар, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекет басшысының Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы да айтып өтті.