А.Жұмағалиев көліктерді техникалық байқаудан өткізетін орталықтарды көбейту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Астанадағы автокөліктерді техникалық байқаудан өткізетін орталықтарды аралады, деп хабарлады pm.kz сайты.

А.Жұмағалиев көліктерді техникалық байқаудан өткізетін орталықтарды көбейту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды

Министр Көліктік бақылау комитетіне көліктер техникалық байқаудан өтетін орталықтарды көбейту үшін қажетті шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

Асқар Жұмағалиев, сондай-ақ барлық техникалық орталықтардан келіп түсетін мәліметтерді орталықтандыру үшін ақпараттық жүйе құру мүмкіндігін талқылауды тапсырды.

«Мәліметтерді онлайн-режимде жол полициясы жүйесіне беру мәселесін қарастырамыз»,- деп мәлім етті министр осы мәселе бойынша.

Бүгінгі таңда Астанада міндетті техникалық байқау өткізетін 3 станса жұмыс істейді. Ал жалпы Қазақстан бойынша мұндай 52 орталық бар.