А.Жұмағалиев ҚР аумағымен ауыр салмақты көлiктердің (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру регламентін бекiтті
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР аумағымен ауыр салмақты көлiктердің (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру регламентін бекiтті.
* * *
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 27 қараша, №819, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Жұмағалиев.
Құжаттың толық мәтіні