А. Жұмағалиев ҚР Мемлекеттік хатшысына азаматтық авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Көлік және коммуникация министрін қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.

А. Жұмағалиев ҚР Мемлекеттік хатшысына азаматтық авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады

Кездесу барысында А.Жұмағалиев азаматтық авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Марат Тәжин министрге әуежайлар мен әуе компанияларында жолаушыларға қызмет көрсетудің ақпараттық стандарттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.