А. Жұмағалиев: Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысы келер жылы басталады
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Бүгінде жүзеге асырылған өте қызықты жобалардың бірі - ҮАААЖ концессиялық жобасы. Оны оны жеке инвестиция есебінен, мемлекет инвестициясы есебінен жүзеге асыру болжануда. Тендер 2013 жылдың желтоқсан айында өтеді, одан кейін нақты мердігерді анықтап, біз келесі жылы құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», - деді А.Жұмағалиев.
Айта кетейік, министрліктің ақпаратына қарағанда, бұл жолдың ұзақтығы 65,5 шақырымды құрайды. Жоба құны 750 млн. АҚШ долларына тең. Жүзеге асырылу кезеңі - 2014-2017 жылдар.