18:33, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
А.Жұмағалиев жол саласының өкілдеріне құрылыс сапасына баса назар аударуды тапсырды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде автожол саласының өкілдерімен өткен жиында ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев құрылыс сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Автожол құрылысының сапасы басты мәселе екендігіне назар аударған министр: «Көлік және коммуникация министрлігі және бақылаушы ұйымдардан басқа ешқандай қарым-қатынасқа орын болмауы қажет. Мен сіздерге бірден айтайын, бұндай жайттар компаниялар тарапынан орын алып жатады. Олар қызмет түрлерін сапалы орындай алмаған жағдайда заңсыз іс-әрекеттерге барады», - деді ол.
А.Жұмағалиев осындай ауқымды істе атқарылған жұмыстың сапасы мен сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру ықтималдығына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін автожолдардың сапасын бірлесіп бақылауға алуға шақырды. «Біз сіздерді автожолдардың сапасын бақылауға қатысуға белсенді түрде қатыстырғымыз келеді», - деді министр.