А320 апаты барлық құрбандарының мүрделері табылды

Испаниядан ГФР-ға ұшып шыққан ұшақтың 144 жолаушысы мен 6 экипаж мүшелері 2014 жылғы 24 наурызда апатқа ұшыраған болатын. Екінші ұшқыш Андреас Любиц оның әріптесі кабинадан шығып кеткен кезде А320 ұшағын әдейі тауға бұрған.
Қайғылы оқиға айыпкері бес психиатрда емделген. Оның пәтерінде тінту жүргізілді.
Еске сала кетейік, ГФР СІМ мәліметтері бойынша, ГФР-дің 72 жолаушысы, 47 испандық, үш-үштен Аргентина, АҚШ және Қазақстан азаматтары, екі-екіден австралиялық, британдық, ирандық, колумбиялық, жапондық, бір-бірден Бельгия, Дания, Кот-д'Ивуар, Мексика, Марокко, Нидерланды және Венесуэла азаматтары апат құрбаны болды.
Ол адамдарда бір ғана елдің азаматтығы болды, деп атап өтеді Франс Пресс агенттігі. Қазаға ұшыраған бес жолаушының қос азаматтығы: төрт испандықта Израиль, Марокко, Ұлыбритания және Мексика, бір азаматта чили-венесуэла азаматтығы болған.