A320 апаты кезінде қаза тапқан адам денесінің бөліктері табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі жоғалып кеткен EgyptAir компаниясының Airbus A320 авиалайнерінде болған адам денесінің бөлігін тапты.
Бұдан басқа, орындық сынығы табылды, деп мәлім етті Грекияның қорғаныс министрі Панос Камменос.
Бұдан бұрын жұма күні, 20 мамырда мысырлық күш құрылымы ведомствосы апатта зардап шеккен жолаушының жеке заттарының табылғанын мәлімдеген. Мысыр Қарулы Күштері өкілдерінің айтуынша, ол Александрия қаласында 290 шақырым жерде Жерорта теңізі акваториясынан табылды. Әскерилер борттағы өздігінен жазатын қондырғыны іздеуді жалғастырып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.