А320 апатынан қаза тапқан адамдардың туысқандарына 50 мың еуро төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Lufthansa неміс әуе компаниясы Францияның оңтүстігінде әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 50 мың еуро төлеуге дайын, деп жазады Би-Би-Си.
None
None

Бұған дейін бұл ақпарат Tagesspiegel басылымы таратқан болатын, кейін бұны әуе компаниясы растады. Lufthansa басшылығы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына қажет жағдайда кез келген көмек көрсетуге дайын екендігін бұған дейін де хабарлаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, немістің «Germanwings» лоукостерінің «Airbus A320» ұшағы 24 наурыз күні франциялық Альпіде апатқа ұшырады. «Барселона-Дюссельдорф» бағытымен ұшып келе жатқан әуе кемесінің ішінде болған 144 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар