А320 ұшағының апатқа ұшыру себебі туралы баяндама бір айдың ішінде жарияланады
АСТАНА. ҚаАқпарат - Мысырлық А320 әуе кемесінің Жерорта теңізіндегі апаты туралы комиссияның бастапқы есебі бір айдың ішінде жарияланады. Бұл туралы жексенбі күні ұшақ апатын тергеу комиссиясының төрағасы Айман әл-Мукаддам мәлім етті, деп жазады ТАСС.
Еске сала кетейік, 19 мамыр күні Парижден Каирге бет алған А320 ұшағы Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті. Ұшақта 12 мемлекеттің азаматтары болған. Жолаушылардың жалпы саны - 56 адам.