А321 ұшағының апаты: Сараптама қорытындысы бойынша экипаж мүшелері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда апатқа ұшыраған Airbus A321 лайнерінде болған барлық экипаж мүшелерінің аты-жөні анықталды. Бұл туралы LifeNews телеарнасы комиссия дереккөздеріне сүйене отырып хабарлады.

А321 ұшағының апаты: Сараптама қорытындысы бойынша экипаж мүшелері анықталды

«Қазір 40 мүрденің кім екені анықталды, олардың ішінде экипаж мүшелері бар», - деп нақтылады ол.

Экипаж мүшелерін тану жұмыстарын туыстары емес, «Когалымавиа» авиакомпаниясының қызметкерлері жүргізген. Одан әрі сүйектерге генетикалық сараптама жүргізіледі. Айта кетейік, кеше, 3 қарашада Мәскеуде Бүкілресейлік сот-медициналық сараптама институтында мүрделерді молекулярлық генетикалық сараптамадан өткізу жұмыстары басталған. Бұдан бұрын «LifeNews» апат құрбандары сүйектерінің сот-медициналық сараптамасының нәтижелерін жариялаған. Алдын ала деректерге сүйенсек, жолаушылардың бөлігі қан жоғалтудан, шоктан, ашық сүйек ми жарақаты мен көптеген дене сүйектерінің сынуы салдарынан қаза тапқан. Лайнердің артқы бөлігіндегілер қатты жарылыс толқынынан қаза тапқан. Апат құрбандарының саны 224 (217 жолаушы және жеті экипаж мүшесі). Шарм-эль-Шейхтан Санкт-Петерборға бағыт алған ұшақ 31 қазан таңертең Синай жарты аралының солтүстігінде апатқа ұшырады.