А321 ұшағының «қара жәшіктерінен» алғашқы мәліметтер алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Көлік министрлігінің басшысы Максим Соколов Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік Airbus А321 лайнерінің «қара жәшіктерін» зерттеуден алынған алғашқы мәліметтер келіп түскенін хабарлады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

А321 ұшағының «қара жәшіктерінен» алғашқы мәліметтер алынды

31 қазанда ірі апат орын алды: Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.

«Апат болған күні «қара жәшіктер» (дыбыстық және параметриялық) табылып, Каирге жеткізілді. Кеше ондағы мәліметтер зерттеле бастады, алғашқы жазбалар алынды», - деді РФ үкіметімен премьер-министр Д.Медведевтің отырысында Көлік министрлігінің басшысы.