Абаев әдеби порталды жаңартудың себебін түсіндіріп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде әдебиет саласында жаңа таланттарды тауып, оларды қалың оқырман қауымға таныстыру жұмысын да назардан тыс қалдырмау қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абаев әдеби порталды жаңартудың себебін түсіндіріп берді

"Біз жаңа ақпараттық теxнологияларды оқырманның әдебиетке қызығушылығын арттыруға пайдалануымыз қажет. "Әдебиет порталын" жаңғырту жұмыстары осы мақсатта жүргізіліп отыр. Аталған портал біздің ақын-жазушыларымыз бен қалың оқырманның ортасындағы алтын көпір іспетті болуы тиіс. Осы күнге дейінгі әдеби мұраларымыз осы порталға топтастырылуы қажет. Оларды жинақтаумен жұмыс бітпейді. Одан әрі әдеби шығармаларға оқырманның қызығушылығын арттырудың жаңа тәсілдері қарастырылуы қажет. Сонымен бірге жаңа таланттарды іздеп табу, оларды оқырманға таныстыру ісі де назардан тыс қалмағаны жөн", - деді министр Абаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Назарбаев университетінің ғимаратында adebietportal.kz - "Әдебиет порталының" жаңа нұсқасы таныстырылды. Шара барысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзіне ұнайтын өлеңді оқып берд і.