Абаев «Азаматтар үшін үкімет» мемкорпорациясында жемқорлық фактілерінің барына қынжылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясындағы жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мемлекеттік корпорация жұмысында жемқорлық тәуекелдерін атап өткім келеді. Мәселен, екі апта бұрын Петропавлда мемлекеттік корпорацияның қызметкері жемқорлық фактісі бойынша ұсталды. Мұндай фактілер біздің барлығымызға «көлеңке» түсіреді деп санаймын. Сондықтан алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырамын. Барлықтарыңыз жеке жауапкершілік арқалайтын боласыздар», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында елімізде 30 миллионнан астам электронды қызметтер көрсетілген. 17 мыңнан астам электронды лицензия, 433 мың рұқсат құжаты берілген.

Бүгінде мемлекеттік қызметтер тізімінде 739 атау бар. оның ішінде 530-ын электронды үкімет порталынан және мемлекеттік корпорациядан алуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қажетті кеңестер алуға болатын 1414 бірыңғай нөмірі енгізілген.

Осы ретте Абаев жылдың соңына дейін мемлекеттік корпорация арқылы электронды нысанда кемінде 65 пайыз мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуді, мемкорпорацияға берілген жаңа 53 мемқызметті интеграцияланған ақпарат жүйесіне қосуды аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар