Абаев #менояндым# жайлы: Шынайы өмір хештегтердің шайқасымен жанаспайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев #менояндым #хештегімен тарап кеткен видеороликтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абаев #менояндым# жайлы: Шынайы өмір хештегтердің шайқасымен жанаспайды

«Шынын айтайын, осы видеороликтердің айналасындағы ой-пікірлерді жақсылап қадағаладым. Десе де, шынайы өмір мен шынайы мәселелер желідегі соғыстармен, хештегтер шайқасымен жанаспайды. Бірнеше роликтерді көре отырып, авторлар мен сол видеоға түскендер ел тағдырына бей-жай қарамайтынын байқадым. Бұл жақсы үрдіс. Алайда кейбіреуге бұл белсенділікті «декларациялау» жетіп жатыр. Бұл - модаға айналып кете барады. Өз еліңді жақсарта түсу үшін өзіңді билікке қарсы қою - міндетті емес. Мемлекетпен серіктесе отырып, көп нәрсені өзгертуге болатын құралдар жетерлік. Ол жол - аса тиімді әрі қоғамға көбірек пайда әкелер еді», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын қазақстандық жастар #менояндым# хештегімен видеролик таратып, ел ішіндегі мәселелерге наразылықтарын білдірген болатын.