Абақай қорымы қайта жаңғыртылып, туристік орынға айналады

АСТАНА. KAZINFORM — Археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған жаңа нысандар мен туристік маршруттар өңірдің бай мұрасын тереңірек танытуға мүмкіндік береді. 

Бурабай — тек табиғат емес, тарих пен киелі орындар мекені
Фото: Әділ Нұртазин/Kazinform

Өткен мен бүгінді жалғайтын киелі орындар туристерге ерекше әсер сыйлап, туған жер тарихын жаңаша қырынан ашпақ. 

— Бұл — Абақай қорымы. Бурабайдың тарихи мұрасы өте терең. Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов Бурабай қорының тарихына аса назар аударады. Әкімнің тапсырмасы бойынша, Абақай қорымында археологиялық қазбалар өткізілген 2024 жылы. Енді осы қорымды біз археологтармен зерттеп, бұл — сақ дәуірінің ғибадатханасы (б.з.б. VIII–III ғасырлар). Бұл — сақ дәуірінің ерекше бір орны, Бурабай қорының көне тарихы бар жер екенінің дәлелі, — деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары  Ернар Жаркешов.

Оның айтуынша Бурабай қорының басқа жерлерінде бірнеше қорған табылған. 

— Біз, Ақмола облысының әкімдігі, осы жердегі археологтармен, зиялы қауыммен, тарихшылармен және мемлекеттік органдармен бірге осы Бурабай қорының шеңберінде тарихи мұрасы мол бөлек туристік массив құрдық. Осы жылы біз оны іске қосамыз. Осы Абақай қорымында енді сол сақ дәуірінің қорымы бұрын қалай болса, жергілікті бизнесмендермен бірге, инвесторлардың қаржысымен дизайнын, бәрін келісіп қайтдана құрамыз, — деді ол.