22:44, 15 Қаңтар 2026 | GMT +5
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталғаны мәлім болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, бұл марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетел авторларына әдебиет пен өнер саласындағы туындылары үшін беріледі.
Өтінім 2026 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.
Қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елдегі ең беделді қоғамдық марапаттардың бірі — «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының 15-маусымының лауреаттары белгілі болды.