Абай атындағы ҚаҰПУ студенттері Қазақстан жастарына үндеу жолдады

АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 11 мың студенті Қазақстан жастарына «Жүрекке жол тапқан мейірімділік» аталатын үндеу жолдады.
None
None

Үндеуде олар мейірімділіктің қоғамдық дүниетанымды және адамның адами құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін, қоғам мен мемлекетті дамытудағы жастардың үлкен әлеуетін ескере келе, ата-ананың мейірімінен бейбіт күнде шет қалған бейкүнә сәбилердің қолдауға зәру екеніне қоғам назарын аударады. Ғасыр дертіне айналған бұл мәселемен бірлесіп күресуге шақырады. Жетімдерімізді жылатпау үшін балалар үйлерімен тығыз байланыс жасап, сәбилерді қамқорлыққа алып, іні-қарындас етіп бауырға басуға үндейді.

Соңғы жаңалықтар