Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Наурыз мерекесіне оқу орнының 1941 жылғы түлегі және ҚР Тұңғыш Президентінің ұстазы қатысты
АЛМАТЫ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өтіп жатқан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Әз-Наурыз Абай ауылында» атты мерекелік салтанатына оқу орнының 1941 жылғы түлегі қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жасы тоқсаннан асқан Сейітхан Исаев қазіргі таңда Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті деп аталатын бұл оқу орнын осыдан 68 жыл бұрын бітірген болатын. Қазақтың ең алғашқы жоғары оқу орнының түлегі өз мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелеп, ел алғысына бөленген қадірлі қария саналады. Оның шәкіртерінің арасында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бар. Бұл мерекеге ақсақалдар алқасының атынан қатысқан С. Исаев Наурызда оқу орнының барлық студентері мен оқытушылыр қауымына зор табыстар және әрқашан да бірлігі бекем болсын деген тілек айтты. Ал ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың айтуынша, біздің еліміздегі мемлекеттік болып табылатын 9 мерекенің ішіндегі ғаламшарлық деңгейде дүниежүзіндегі көптеген халықтар атап өтетін мейрам - осы Наурыз. Бұл күн мен түннің теңелген уақыты. Жаңа жылға жақсы ниетпен аяқ басуға шақыратын, ізгілік пен татулық мерекесі.