Абай атындағы ҚазҰПУ-де студенттер арасында Республикалық конкурс басталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай атындағы сыйлық жүлдесі үшін студенттер арасында дәстүрлі Республикалық конкурс басталды,

Абай атындағы ҚазҰПУ-де студенттер арасында Республикалық конкурс басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Аталған конкурс студенттердің оқу кезіндегі және оқудан тыс жұмыстарын жетілдіруге бағытталған және болашақ педагогтарды дайындау, сапасын көтеру, оқу жұмысы мен мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр», деді шараның ашылуында университет ректоры Серік Пірәлиев. Конкурс математика, физика, информатика пәндері бойынша өткізіледі. Биылғы сайысқа Республикадағы 21 жоғары оқу орнынан 34 команда, 107 студент қатысады. 2 турдан тұратын сайыс қорытындысы ертең жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.