Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 800 студенті Елбасы дәрісін тыңдады

АЛМАТЫ. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Асылбек Касымхан/ - Бүгін Елбасының дәрісін он-лайн режімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің 800-ден астам студенттері  мен ұстаздары да тыңдады,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 800 студенті Елбасы дәрісін тыңдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Елбасының Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетіндегі оқыған дәрісін студенттеріміз бен ұстаздарымыз он-лайн режімінде интерактивті тақта арқылы тыңдады.  Дәрістің студенттер үшін маңызы өте зор. Мемлекет басшысы әрқашанда жастардың білім алуына көп көңіл бөледі. Елбасының ғаламдық экономикалық дағдарыс, одан шығу жолдары туралы ой-пікірлерімен бөліскені бәрімізге қатты әсер етті», дейді  университеттің бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мүбәрак Ермағанбетов.   

Оның айтуынша, бүгін ҚР Президенті бұдан былай ғылыми жұмыстарды өзінің бақылауымен тікелей   қарастырылатынын айтқанда, көптеген жас ғалымдар қатты қуанған.