Абай атындағы опера және балет театры 78-ші маусымын ашады
АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры 15 қыркүйекте 78-ші маусымын ашады,
деп хабарлайды өнер ұжымының баспасөз қызметі.
Театр маусымын дәстүр бойынша Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашпақ. Басты партияларды Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзембаев, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Бейімбет Қожабаев, Болатбек Бөкенов орындайды.