18:02, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Абай атындағы опера және балет театрында «Желіккен жесір» опереттасының премьерасы болады
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат -Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1-2 желтоқсан күндері Ф.Легардың «Желіккен жесір» атты екі бөлімді опереттасының премьерасы болады.

Қоюшы-режиссері - Миклош Синетар (Венгрия, Будапешт) және оның көмекшілері Андраш Ацел (Венгрия, Будапешт) пен Қайрат Мағауин. Қоюшы-хореографы - Питер Ласло (Венгрия, Будапешт) және оның ассистенті - Эрика Хатсеги (Венгрия, Будапешт). Қоюшы-суретшісі - Ирина Долгова (Санкт-Петербург), ал қоюшы-дирижері - Ерболат Ахмедьяров. Онда басты партияларды ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова, Андрей Трегубенко, Мейір Байнешев пен Бауыржан Есімханов орындамақ.