Абай атындағы опера және балет театрының солисі Ресейдегі конкурста жүлде алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық опера әншісі танымал композитор Римский-Корсаковтың отанында өткен халықаралық байқауда сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Абай атындағы опера және балет театрының солисі Ресейдегі конкурста жүлде алды

Н.А.Римский-Корсаков атындағы опера әншілерінің 11 халықаралық байқауы РФ Ленинград облысы Тихвин қаласында аяқталды. Ол алғашқыда Санкт-Петербургте өтуі тиіс еді, алайда ұйымдастыру комитеті оны Н.А.Римский-Корсаковтың туған жері - Тихвин қаласына арнайы ауыстырған.  Конкурстың ақтық кезеңі композитордың есімі берілген Мәдениет сарайында өтті.

Биыл конкурсқа қатысуға 12 елден 150 өтінім түскен. Отандасымыз, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Эмиль Сакавов 2-інші жүлдеге (екінші орын) ие болды. Сондай-ақ, аталмыш театрдың концертмейстері Марина Алтухова Ленинград облыстық мәдениет комитетінің алғыс хатын иеленді.

Эмиль Сакавов - Қазақстан, Ресей, Беларусь және Еуропа елдерінде өткен 10 халықаралық конкурстың жеңімпазы (лауреат), Қазақстан Президенті Н.Назарбаев атындағы магистрлік стипендия иегері.

Авторы Альберт Ахметов