Абай қаласында 38 млн теңгенің темекі бұйымдары заңсыз айналымнан алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Абай қаласында заңсыз айналымнан 11,5 мыңнан астам темекі бұйымдары алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Абай қаласында 38 млн теңгенің темекі бұйымдары заңсыз айналымнан алынды
Видеодан алынған кадр: t.me/kgdmfrk

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарағанды облысы бойынша ЭТД және Қарағанды облысы ПД ҰҚҚКБ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, 28 шілдеде сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы бойынша кезекті қызметтің жолын кесті.

Абай қаласындағы қойма үй-жайлары мен дүкенінің бірін тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 11,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Заңсыз өнім көтерме және бөлшек саудада сатылып, жеткізу облыс шегінде де, Қазақстанның басқа өңірлеріне де жүзеге асырылған.

Алынған өнімнің нарықтық құны – шамамен 38 млн теңге.

Әкімшілік іс қозғалды. Тауар тәркіленіп, одан әрі жойылуы болжанады.