18:17, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
«Абай» кітабының тұсаукесерінде аталмыш еңбектің авторы Н.Анастасьевке «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағы берілді
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен шыққан «Абай» кітабының таныстырылымы барысында аталмыш еңбектің авторы Николай Анастасьевке «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағы берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Николай Анастасьев бұған дейін Мұхтар Әуезовтің өмірбаянын жазған. Бұл кітап маған қатты ұнады деп күмәнсіз айта аламын. Ал бүгін жазушының ұлы Абай туралы туындысының тұсаукесерін атап өтіп отырмыз. Мен Н.Анастасьевті шығармашылық жетістігімен құттықтап, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағын тапсырғым келеді», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед шара барысында.