Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абай күніне арналған іс-шараға 50 мыңнан астам адам қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде Абай күніне орай 350 мәдени, білім беру, ғылыми, ағартушылық және спорттық бағыттағы іс-шара өтті. Еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған іс-шаралар 50 мыңнан астам адамды қамтыды.

Абай
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдарда Абай мұрасын дәріптеуге айрықша мән берілді. Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында ақын өмір сүрген кезеңге қатысты қолжазбалар, мұрағат құжаттары мен естеліктер көпшілік назарына ұсынылды.

Абай
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ бейнелеу өнеріндегі Абай тұлғасына арналған көрме ұйымдастырылды. Әдеби квест пен Абай әндерінің фестивалі де өтіп, музей қорындағы мұра жұртшылыққа түрлі танымдық форматта таныстырылды.

Ұлттық музейде ойшылдың өмірі мен тағылымды ойларына арналған тақырыптық экскурсия мен музей сабағы өтті. Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде балалар қазақстандық суретшілердің туындылары арқылы Абай тұлғасымен танысты.

кітап
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ал «Отырар» музей-қорығында ақынның шығармашылық мұрасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Алматыдағы «Абай әлемі» музыкалық-поэзиялық кеші ауқымды іс-шаралардың біріне айналып, 20 мыңнан астам адамды қамтыды. Кеш аясында «Алғашқы кітап» деректі фильмінің премьерасы өтті. Фильмде Абай шығармаларының 1909 жылы жарық көрген тұңғыш жинағының тарихы баяндалады.

в
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Абай күніне арналған бағдарлама Бейжіңде де жалғасты. Қазақстанның мәдени орталығында еліміздің ҚХР-дағы Елшілігі және «Цзиньтай» музейінің қатысуымен «Абай – Ұлы тұлға» дөңгелек үстелі өтті. Жиында қытайлық ғалымдар, жазушылар мен аудармашылардың Абай шығармаларын зерттеу, аудару және насихаттау бағытындағы көпжылдық еңбегі кеңінен сөз болды.

а
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Министрлік мәліметінше, өңірлерде де ақын мұрасын дәріптейтін түрлі іс-шаралар өткізілді. Абай облысында «Abai Joly – 100 miles» ультрамарафоны мен «Адамзаттың Абайы» республикалық айтысы өтті.

в
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы «Сөз өнері. Жасампаз жас қалам» форумына жас қаламгерлер қатысты.

музей, Абай
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Абай күніне орай елордалық саябақта тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған акция өткенін жазған едік.