Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда

Абай облысы
Фото: Polisia.kz

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттағы деректерге қарағанда, Абай облысында Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған. Алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған. Бүгінгі күні аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз болып отыр.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.

Соңғы жаңалықтар