Абай облысы Аягөз өзенінде су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланды

Аягөз су тасқыны
Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысы Аягөз ауданындағы өзеннің су деңгейі көтеріліп, 172 адам мектеп-интернат жатақханасына эвакуацияланды.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.

- Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінді. Алайда азаматтардың көпшілігі туған-туыстарының үйлеріне кетті. Қалғандары мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне орналастырылды, - делінген ақпаратта.

Аягөз су тасқыны
Фото: Абай облысы әкімдігі

Сонымен қатар Аягөз өзеніне жақын Ешмағанбетов, Шыңғожа батыр көшелерінің тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ескертілді. Барлығы 324 тұрғын қамтылды.

- Мамырсу ауылдық округінде де су деңгейі көтеріліп, сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен жағасына жақын орналасқан 10 үйге, (оның ішінде 30 ересек, 40 бала) ескерту жасалды. Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған, - делінген хабарламада.

Аягөз су тасқыны
Фото: Абай облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар