Абай облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы ауысты
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Айжан Мұқатова тағайындалды.
Айжан Дәуітбекқызы 1998 жылы Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған.
2007-2017 жылдары аталған колледждің ағылшын тілі бөлімінің меңгерушісі, 2017-2025 жылдары Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары санатты педагогі болды. Осы мектептің KIVA бағдарламасының мүшесі, буллинг және кибербуллинг бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Осы тағайындауға дейін Семей медициналық колледжі директорының стратегиялық дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысы су ресурстары басқармасына жаңа басшы келгені хабарланған.