Абай облысы Бесқарағай ауданында бірқатар нысан ашылды
Абай облысы Бесқарағай ауданында Республика күні қарсаңында бірқатар нысан ашылды, деп хабарлайды Кazinform.
Беген ауылындағы шағын футбол алаңының ашылуына аудан әкімі Талғат Мұратов, тұрғындар және жас спортшылар қатысты.
«Шарада шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлық табыс етілді. Жобаға облыстық бюджеттен 16 млн теңге бөлінген», - делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.

Малая-Владимировка елді мекенінде мәдениет үйі ашылды. Құрылысты жүргізген «Сүлейменов» мердігер ұйымы ауыл клубына музыкалық аппаратура сыйлады.
Айта кетейік, бұл ауылда 763 тұрғын бар. Елді мекен аудан орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан.
«Пайдалануға берілген Мәдениет үйінде көркемөнерпаздардың өнері өрістеп, жастардың жақсы бастамаларына қолдау көрсетіледі», - деді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.