Абай облысы Бородулиха ауданында екі үйдің ауласы мен тасжол су астында қалды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының Бородулиха ауданында екі жеке тұрғын үйдің ауласы мен республикалық маңызы бар тасжол су астында қалды.
Абай облысында ауа температурасы күрт жылытып, қар жоғары қарқынмен еріп жатыр. Бородулиха ауданындағы егістіктерден еріп аққан су Мир көшесіндегі 2 жеке тұрғын үйдің ауласына кірді.

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардан 4 адам және 2 техника, «Гордорстрой» ЖШС-дан 6 адам мен 3 техника суды бұру бойынша инженерлік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге еріген су республикалық маңызы бар «Семей-Петропавловка-РФ шекарасы» тасжолы төсенішіне жайылды», - деп хабарлады өңір әкімдігінен.
Аталған жолда көлік қозғалысы жабылған. Автокөлік жолы мен топырақ бетінің бүліну қаупі жоқ.