Абай облысы Мəдениет басқармасына жаңа басшы келді
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Жанжігіт Омархан Абай облысы Мəдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жанжігіт Омархан журналистика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының бакалавры, Әлеуметтік ғылымдар магистрі (журналистика).
Еңбек жолы:
2009 ж. - «Астана» телеарнасы бағдарламалар қызметінің репортеры, тілшісі.
2010-2011 жж. - «Астана» телеарнасындағы «Қайырлы таң»,»Қауіпсіз жол» бағдарламаларының тележүргізушісі.
2011-2015 жж. - Қазақстан ұлттық арнасында «Иман айнасы» бағдарламасының жүргізушісі.
2015-2016 жж. - «Еуразия бірінші» телеарнасының «Ашығын айтқанда» ток-шоуының жүргізушісі.
2016-2018 жж. - «Астана» телеарнасындағы авторлық «Өзекті» тележобасының жүргізушісі, жетекшісі.
2018-2019 жж. - Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысының орынбасары.
2019 жылдың сәуірінен қазаны аралығында - «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ,баспасөз қызметінің басшысы.
2019 жылдың 22 қазанынан – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз-хатшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.