Абай облысы ормандарында механикаландырылған күзет кезекшілігі ұйымдастырылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ормандарда механикаландырылған күзет кезекшілігі пайда болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысының Бесқарағай және Бородулиха ауданының орман қоры аумағында орман өрттерін күзетуді қамтамасыз ету және уақтылы жоюды ұйымдастыру мақсатында өрт қауіптілігінің төртінші және бесінші сыныптарының басталуына байланысты ормандарда механикаландырылған күзет кезекшілігі ұйымдастырылды.
Кезекшілік өрт техникасын тарта отырып ұйымдастырылды, жеке құрам байланыс құралдарымен, оның ішінде спутниктік терминалдармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ аэровизуалды мониторинг жүргізу үшін механикаландырылған күзет пилотсыз ұшу аппараттарымен қамтамасыз етілген.
Еске салсақ Олжас Бектенов Павлодар және Абай облысында болған табиғи өрт кезінде мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі сақталмағанын сынаған еді.
Айта кетелік «Қазақтелеком» 24 орман шаруашылығына бейнебақылау жүйесі мен интернет антенналарын орнатады.