Абай облысы Жаңасемей ауданында көктемгі дала жұмыстарына қажетті техника сақадай сай

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Жаңасемей ауданында егістік жұмыстары жүруде. 

көктемгі егіс
Фото: Абай облысы әкімдігі

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жаңасемей ауданының егістік алқабы – 12 314 гектар. Егістік жұмыстарына 51 шаруашылық субъекті қатысып, олар үй жанындағы және саяжай учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстарын жүргізеді.

жырту
Фото: Абай облысы әкімдігі

«Жеке аулаларда ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек. Аталған алқапта 427 га дәнді дақыл, 1 064,3 га картоп, 370 га көкөніс және бақша, 3 990,3 га майлы дақыл, мал азықтық дақылдар 6 443,5 га, жеміс-жидектер 18,8 га өсіру жоспарланып отыр. 2024 жылы ауданның шаруашылықтары сапалы тұқыммен қамтамасыз етілді. 427 га алқапқа дәнді дақыл егу үшін 19 тонна субсидияланған тұқымды шаруашылықтар өз қаражаттарына сатып алуда. Сонымен қатар 85 тонна күнбағыстың, 13 тонна бір жылдық және 12,6 тонна көпжылдық шөптердің тұқымы сатып алынады. Бүгінде субсидия алу үшін қажетті құжаттар әзірленіп жатыр», - делінген ақпаратта.

теплица
Фото: Абай облысы әкімдігі

Қазір ауданда көктемгі дала жұмыстарына техника жеткілікті. Оның ішінде трактордың барлық түрінен 686 трактор (624 дөңгелекті, 62 шынжыр табанды), 71 соқа, 56 культиватор, 36 тұқым сепкіш және 239 жүк көлігі бар.

Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуді қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар