Абай облысы Жарма аудандық полиция бөлімінің бастығы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Полиция подполковнигі Даулет Райстанов Жарма аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәулет Райстанов
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Оны жеке құрамға таныстыру кезінде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бейбіт Исақов Даулет Райстановтың ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын, әртүрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарды атқарып, мол тәжірибе жинағанын атап өтті. 

Таныстыру барысында биылғы жылдың 10 айындағы негізгі жұмыс көрсеткіштері жарияланып, алдағы кезеңге мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Бұған дейін Нұрлан Борсукбаев Жарма ауданының әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Кеше Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа екі мүшесі тағайындалғаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар