Абай облысы Жарма ауданында 9 үйге су кірді

Абай облысы
Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Жарма ауданында 12 аула қызыл су астында қалып, 9 үйге су кірді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, еріген қар суы Үшбиік ауылына қарай аққан. Соның салдарынан екі шеткі көше түгелдей су астында қалды.

«Барлығы 12 ауланы қызыл су басты. Оның ішінде 9 үйге су кірді. Осы үйлердің ішіндегі 4-інде адам тұрмаған», - делінген ақпаратта.

Су басқан үйлердің тұрғындары өз беттерімен эвакуацияланды. Қазір олар туыстарының үйлеріне орналасқан.

«Жергілікті атқарушы органдардан 15 адам және 5 техника еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстар жүргізуде. Су деңгейі 40 см-ге төмендеп, 4 үйден су шығарылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар