Абай облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып Ақылжан Ақылбеков тағайындалды.

Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Ақылжан Ақиқатұлы 1981 жылы 26 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтының «Бөлімшелердің қызметтік – жауынгерлік іс-қимылдарын басқару» және Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы бастап, 2019 жылға дейін ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінде взвод, рота, батальон, полк командирі лауазымдарында қызмет етті.

2019 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Ұлттық ұланының дағдарысқа қарсы оқу орталығының нұсқаушысы болып жұмыс істеген.

2023 жылдан осы уақытқа дейін Абай облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы болды.