Абай облысында 17 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Прокуратура
Фото: Маскат Шагырбаев / Kazinform

СЕМЕЙ.KAZINFORM – Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың гектардан астам жер телімін өз мақсатына пайдаланбай, ұзақ уақыт үшінші тұлғаларға қосалқы жалға бергенін анықтады. Бұл туралы Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Олардың кадастрлық құны 329 млн. теңгені құрады»,- делінген хабарламада. 

Мәлім болғандай, қазіргі уақытта жер телімдерін пайдалануға мұқтаж өзге де кәсіпкерлерге, оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі қарастырылып жатыр. 

 

Соңғы жаңалықтар