11:40, 19 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Абай облысында 2-ауысым оқушылары да онлайнға көшті
Абай облысында күн райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Кazinform.

Өңір әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Ақсуат ауданының 11 мектебіндегі 1-4 сынып, 2 мектебіндегі 1-9 сынып оқушылары; Жарма ауданының 6 мектебіндегі 1-4 сынып, 2 мектебіндегі 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.
Облыстың қалған аудандары мен қалаларында мектептер штатты режимде оқып жатыр.
Айта кетейік, бүгін Абай өңіріндегі жекелеген мектептерде бірінші ауысым оқушылары сабаққа барған жоқ.
Сондай-ақ 19 желтоқсан, сағат 11:30-дан бастап, «Мақаншы – Жалаңашкөл» трассасының 0-133 шақырым, «Мақаншы – Үшарал» автожолының 0-48 шақырым аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.